×

Алматыдағы дәрігердің өлімі: куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың ісінде жаңа дерек ашылды

 Халық үні 10.12.2022 | 08:50
Фото: ratel.kz

Мылтықтан бөлек тапаншасы да болған. Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың ісінде жаңа дерек ашылды. Сотта жауап берген басқа такси жүргізушісі күдіктінің жолда тоқтатып, оған 40 мың теңге беріп, қылмыс болған көлік тұрағында бір күн бұрын қонып қалғанын жеткізді, деп хабарлады «КТК» телеарнасы.

Дархан Кіштаевтың айтуынша, күдікті «досымның көлігін күзетемін» деп түнеген. Ертеңіне такси жүргізушісі көлігін алуға келгенде іште ешкім болмаған. Тек кешке қарай артқы салонда жатқан оқтар мен тапаншаны көріп, бірден полиция шақырған. 

«Таңертен оған қарайтын мүмкіндігім болмады. Келдім, отырдым, бір қарадым, ештеңе болған жоқ. Келіп қарасам, сөмкесі жатыр, ашсам, ішінде оқтар жатыр. Келісімшарттарым орындықтың астында жатыр, ал сөмкенің ішінде оқтар жатыр. Одан кейін орындықтың төсенішін ашып қарасам, ішінде тапанша жатыр және тағы да оғымен қораптар жатыр», – дейді куәгер Дархан Кіштаев.

Шумковты сұлатқан аңшы қаруын күдіктінің рұқсатсыз алып кеткені анықталды. Ол туралы қарудың иесі Леонид Дубук судьяға мәлімдеді. О баста «малымды қасқырдан қорғауым керек» деп сұраған. 350 мың теңгесін де берген. Тіпті болмаған соң «қатты ауырамын, емші басыма жастанып жат» деген сылтауын айтқан. Алайда Леонид Дубук қаруын беруден бас тартқанда, ол рұқсатсыз алып кетіпті.

Биыл сәуір айының басында Алматыда емделуші өз дәрігерін аңшы қаруымен атып өлтірді. Қанды қылмыс таңғы уақытта көлік тұрағында болған. Юрий Шумковты атқан соң күдікті жол бойында тұрған көлікке мылтығын алып мініп, оқиға орнынан ізін суытады. Полицейлер бір сағатқа жетпей оны жедел ұстады. Атышулы іс бойынша сот әлі жалғасып жатыр

«Үйде аңшы қаруым болды. Басында мылтығымды берем деп ойладым. Оның өтеуіне аракідік ет әкеліп тұрсын деп келістім. Келесі бір келген кезінде «проблемаға тап болдым, шұғыл қаруың керек» деп сұрады. «Етті өзің ал» деп 350 мың теңгесін берді. Тіксініп қалдым. Бірнәрсені ішім сезді. Бірақ мылтықты беруден бас тартқанымда қаруды тұрған жерінен жұлып алып жоқ болды», – дейді куәгер Леонид Дубук.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама