×

Гавайи аралдарында 3 қазақстандық тыйым салынған жанартау аумағына өтіп кеткен

Оларды жергілікті полицейлер Мауна-Лоа орман қорығының жабық аймағынан байқаған

 Еркеғали Болатұлы 09.12.2022 | 16:25
фото: ашық дереккөз

ҚР Жер және табиғи ресурстар басқармасының баспасөз қызметі Гавайи аралында жақында оянған Мауна Лоа жанартауының жабық аумағына кірген үш қазақстандықтың ұсталғанын мәлімдеді.

Оларды жергілікті полицейлер Мауна-Лоа орман қорығының жабық аймағынан байқаған. Ал ол аймақ қауіпсіздік мақсатында жақында Мауна-Лоаның атқылауынан кейін жабылған болатын.

Лава ағынының жабық және белсенді аймағында жүріп бара жатқан 3 адамды полиция байқады. Гавайи полициясының қызметкері олар көлігіне қайтып келген кезде ұшырасқан. Оқиға орнында полиция қызметкері олардың жабық аймаққа кіргенін анықтады, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама