×

Қазақстан әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты

Алан Құрманғалиев египеттік спортшымен бірге жапон қарсыластарын жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 09.12.2022 | 14:24
фото: ашық дереккөз

Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев финалға шықты.

Жартылай финалда Алан Құрманғалиев египеттік Хана Годамен бірге аралас жұпта жапониялық Такуми Танимото – Рин Менде тандемімен кездесіп, қарсыластарын 3:2 есебімен ұтты.

Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, отандасымыз жартылай финалда өзін жақсы қырынан көрсете білді. Шабуылдап, қатты соққылар жасап, жұптасын да қолдап отырды. Матчтан кейін Хана Годаның өзі де Аланның жеңіске жетелегенін атап көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама