×

Тоқаевтың Швейцарияға не үшін барғаны айтылды

Швейцарияда бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Швейцария конфедерациясына келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның федералдық президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ.

Сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама