×

Бір тәулікте 200-ден аса адамнан COVID-19 анықталды

Елімізде індеттен 1700-ге жуық науқас емделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 09.12.2022 | 09:49
Фото: 63.ru

Қазақстанда бір тәулікте 216 адам коронавирус пен пневмонияға шалдықты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 203 адамнан COVID-19, 13 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды.

9 желтоқсандағы жағдай бойынша елімізде 1 667 науқас (коронавирустан – 1 460 адам, пневмониядан – 207 адам) емделіп жатыр. 

Олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 404 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 7 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр және 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше 219 адамнан коронавирус, 18 адамнан пневмония анықталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама