×

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысты

Талғат Байсуфинов қызметінен кетеді

 Ербол Тұрымбет 09.03.2022 | 09:59
Андрей Карпович, фото: kazfootball.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетеді. Оның орнын қазақстандық футбол жанкүйерлеріне танымал 41 жастағы маман Андрей Карпович баспақ.

Қазір Андрей Карпович өткен маусымның қорытындысы бойынша Конференция лигасына жолдама алған петропавлдық «Қызыл-Жар» командасын жаттықтыруда.

Карпович Қазақстан құрамасына Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен болатын екі матчта жетекшілік етеді. Матчтар 24 және 29 наурызда өтеді. Осы кездесулерден кейін Андрей Карповичтің ұлттық құрамадағы болашағы туралы шешім қабылданады.

Андрей Карпович 2010-2014 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 55 матч өткізіп, 3 гол салды. Одан бөлек, жартылай қорғаушы Ресей және Қазақстан біріншіліктерінде өнер көрсететін бірнеше клуб сапында ойнады.

Еске салайық, 28 ақпанда Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңа президентін сайлау өтті. ҚФФ басшылығына бес үміткер өтініш білдірді. Жасырын дауыс беру нәтижесінде қарағандылық «Шахтер» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы Әділет Барменқұлов жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама