×

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

Бес үміткердің екеуіне мүлде дауыс берілмеген

 Ербол Тұрымбет 28.02.2022 | 13:45
Әділет Бәрменқұлов, фото: nur.kz

Елордада Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңа президентін сайлау өтті. ҚФФ басшылығына бес үміткер өтініш білдірді.

Жасырын дауыс беру нәтижесінде қарағандылық «Шахтер» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы Әділет Барменқұлов жеңіске жетті.

Дауыс беруге Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығы ЗТБ мүшелері, сондай-ақ ҚФФ атқарушы комитеті мүшелері делегаттары - жалпы саны 26 адам қатысты.

Нәтижесінде, Әділет Барменқұлов 14 дауыс жинап, Берік Қаниевті басып озды (11). Тағы бір дауысты Давид Лория иемденді. Қалған үміткерлердің ешқайсына дауыс берілмеген.  

Футбол федерациясы сайлау комитетінің отырысы 10 ақпанда өтті. ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековтің кандидатурасы сайлауға қатысудан бас тартуына байланысты тіркелмеді.

Сайлауға түскен үміткерлер: 

  • Әділет Назарбайұлы Барменқұлов – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қазақстан Футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ президентінің кеңесшісі;
  • Ерлан Еркінбекұлы Жарылқасынов – «Қазақстан әуесқой футбол лигасы» ҚБ төрағасы;
  • Берік Сералыұлы Қаниев – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Давид Григорьевич Лория – Нұр-Сұлтан қаласының Футбол федерациясы қауымдастығы ЗТБ президенті;
  • Қайрат Айтмолдаұлы Оразбеков – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қайрат» АФК президенті;

Серіктес жаңалықтары

Сараптама