×

Cенсация: Испания құрамасы Мароккодан жеңіліп қалды

Ойынның тағдыры матч соңындағы пенальтиде анықталды

 Халық үні 07.12.2022 | 00:36
фото: ашық дереккөзден

Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Марокко мен Испания арасындағы плей-офф кезеңіндегі матч аяқталып, африкалық құрама өз тарихында алғаш рет ширек финалға өтті. 

Марокко мен Испания арасындағы кездесудің негізгі уақытында есеп ашылған жоқ. Қосымша таймда да қарсыластар бір-бірін ала алмады. Ойынның тағдыры матч соңындағы пенальтиде анықталды.

Пенальти сериясында Испания құрамасының үш ойыншысы мүлт кетті. Олардың біреуі қақпа бағанына тигізсе, екі допты қақпашы Яссин Буну қайтарды. Марокко сапынан үш ойыншы қақпаны дәл көздеп, африкалық құрама өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алып отыр.

Плей-офф кезеңінде енді бір ғана матч қалды.

Астана уақытымен 01:00-де Португалия және Швейцария құрамалары кездеседі.

Айта кетелік, 2018 жылғы әлем біріншілігінде де испаниялықтар плей-офф кезеңінен шыға алмаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама