Halyq Uni логотип
×

Екібастұздағы ЖЭС мемлекет меншігіне беріле ме?

Қаладағы барлық үйге апта соңына дейін жылу беріледі

 Дәурен Ерболат 06.12.2022 | 15:20
Екібастұздағы ЖЭС мемлекет меншігіне беріле ме?
Фото: kazpravda.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин апат болған Екібастұздағы жылу электр станциясын (ЖЭС) мемлекет меншігіне беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәселе талдану сатысында. Мұндай шешім қабылдамас бұрын оның жағдайын зерттеу керек. Егер бұл мемлекет үшін үлкен ауыртпалық болса, онда біз объектіні алып, иесіне сыйлық жасаймыз. Біз оған барлық қаражатты құямыз, - деді Үкімет отырысынан соң.

Сондай-ақ министр Екібастұздағы барлық үйге апта соңына дейін жылу берілетінін айтқан еді.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, тұрғындар жылусыз қалған еді. Соған байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімдерге ескерту жасады. Ал премьер-министрдің орынбасары Екібастұздағы төтенше жағдайға шенеуніктер жауап беруі керек деген пікірде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама