×

Шенеуніктер жауап береді – Жұманғарин Екібастұздағы ТЖ туралы

Барлық қалада жылу инфрақұрылымының тозу деңгейін анықтау шарт

 Дәурен Ерболат 29.11.2022 | 13:01
Фото: informburo.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұздағы төтенше жағдайға шенеуніктер жауап беруі керек екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ертең осы проблемаға қатысты құзеретті органдар мен әкімдіктердегі лауазымды тұлғалардан сұраныс болады, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Үкімет басшысының орынбасары президенттің проблемалық жылу орталықтарын мемлекетке қайтару туралы тапсырмасына қатысты пікір білдірді.

«Қанша проблемалық жылу орталығы барын санау керек. Қысқа уақытта бір компанияда екінші рет олқылық анықталып отыр. Бұл – алаңдатарлық жағдай. Барлық объектіде не болып жатқанын анықтау шарт. Менің ойымша, алдымен барлық қалада жылу инфрақұрылымының тозу деңгейіне талдау жасау қажет. Біз жылыту маусымына дайындықты бақылауда ұстадық. Жергілікті атқарушы органдар, министрліктер есеп берді. Енді осындай жағдай болды. Осыдан соң сұрақтар туындайды», - деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдіктерге ескерту жасады.

Еске сала кетсек, 27 қарашада Екібастұз халқы қақаған суықта жылусыз қалған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама