×

Жылусыз қалған Екібастұз: Әлихан Смайылов әкімдерге ескерту жасады

Үкімет басшысы Екібастұздағы жағдай барлық әкімге сабақ болу керегін айтты

 Дәурен Ерболат 29.11.2022 | 10:32
Әлихан Смайылов, фото: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайылов Екібастұздағы төтенше жағдай еліміздегі барлық әкімге сабақ болуы керегін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет отырысында өңірдегі жағдайды Павлодар облысының əкімі Əбілқайыр Сқақов баяндады.

«27 қараша күні Екібастұз жылу-электр орталығының №11 қазандығы апатты түрде тоқтатылды. Кейін жылумен жабдықтау желілеріндегі қысымның төмендеуіне байланысыт тағы да 3 қазандық толқтатылды. Себебі, желі ішіндегі су нормадан үш есе артық жұмсалып отырды. Салдарынан жылу-электр орталығы 52,37-ге төмендетілген параметрлермен жұмыс істеді. Норма бойныша 87,56 болу керек. Сол уақыттан бастап жедел штаб құрылып, барлық қажетті ресурстар тартылды, төтенше жағдай жарияланды», – деді басшы.

Облыс басшысы төтенше жағдайдың хронологиясына тоқталды.

«27 қараша кешкі сағат 21.00-дегі жағдай бойынша 149 көппәтерлі түрғын үй және 15 әлеуметтік нысан жылусыз болған. Қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі бойынша елеулі 15 зақымның 14-і жойылды. Нәтижесінде желі ішінде ыстық судың жұмсалуы 3,2 есеге дейін төмендеді. 

28 қараша таңға қарай қабылданған шаралар 132 көппәтрелі тұрғын үй мен 12 әлеуметтік нысанды жылуға қосуға мүмкіндік берді. Осылайша, сол уақытқа қарай 17 кәппәтерлі тұрғын үй және 3 әлеуметтік нысан жылусыз қалды. Стансадағы температура – 87,59. 10 қазандықтың алтауы жұмыс істеп тұр. Қажетті жұмыстарды жүргізуге 25 бригада және 37 техника тартылды.

29 қараша күні таңға қарай тағы да 25 кәппәтерлі және 90 жекеменшік үйдегі ішкі жылу жүйесінде проблемалар пайда болды яғни бұл үйлер жылуды қабылдай алмай отыр. Өз кезегінде жылу желісінде ыстық су бар. Бірақ аталған үйлердегі ішкі жылу жүйесін қалпына келтіруміз керек. Сол үшін қосымша тағы да 23 бриагада тағы басқа қалалардан көмекке келді. Сонымен қатар   жылусыз отырған тұрғындарға 1200-ге жуық жылыту құралдары жеткізілді», – деді облыс әкімі.

Үкімет басшысы Екібастұздағы төтенше жағдай барлық әкімге сабақ болу керегін атап өтті.

Екібастұз қаласында жылы беруді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру керек. Апатқа себеп болған барлық мәселені шешу қажет. Энергетика министрлігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, Екібастұз жылу мекемесіндегі технологиялық ережелерді бұзуға қатысты тексеру жүргізсін. Қыс басталмай жатып, осындай төтенше жағдай болып отыр. Барлық әкім бұдан қорытынды шығаруға тиіс, – деді премьер-министр.

Премьердің айтуынша, Энергетика және Индустрия министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерді энергетикалық объектілерге толық техникалық аудит жүргізіп, Үкіметке тиісті ақпаратты беруі шарт.

«Жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру керек. Апат қаупі жоғары объектілер бойынша жабдықтары мен инфрақұрылымына ерекше назар аудару керек. Барлық жылу және энергия жүйесінің қауіпсіз жіне үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы объектілердің меншік иелерімен жұмыс жүргізу керек....», – деді премьер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама