×

Еліміздің бірнеше өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

6 желтоқсанда Астанада бірінші ауысым оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды

 Халық үні 06.12.2022 | 08:21
Фото: dalanews.kz

Бірнеше өңірде қатты аязға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды мен Теміртау, Жезқазған қалаларындағы мектептерде 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Сонымен қатар Ақмола облысы Целиноград ауданындағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бұдан басқа Абай облысында да 6 желтоқан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір аудандарда сабақ онлайн форматта өтеді.

Семей қаласында 1 ауысымда оқитын 1- 9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады. Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында 1 ауысымдағы 1-4 сыныптарда сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.

Бұған дейін хабарланғандай, 6 желтоқсанда Астанада бірінші ауысым оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама