×

6 желтоқсанда мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды

Астананың білім басқармасы барлық мектеп оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқитынын хабарлады

 Халық үні 05.12.2022 | 21:45
Фото: qamshy.kz

Астанада 6 желтоқсанда бірінші ауысымда оқитын барлық мектеп оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды.Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.

«2022 жылдың 6 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

«Казгидрометтің» мәліметінше, түнде  ауа температурасы 29-31 градус, күндіз 6 желтоқсанда 20-22 градус аяз болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама