×

ШҚО-да жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті (ВИДЕО)

Полиция жылқының иесін анықтады

 Дәурен Ерболат 05.12.2022 | 18:00
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті. Оқиға 5 желтоқсанда таңғы сағат 07:17-де болған.

Шығыс Қазақстан облысының «Коршунова-Черемшанка» аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген жылқы үйірін байқап, шұғыл тежегішті басқан. Алайда апаттың алдын алу мүмкін болмады. Соның салдарынан пойыз 8 жылқыны қағып кетті. Бұл оқиғаға байланысты пойыз 19 минут кідірді, – деді ІІМ Көліктегі полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Оның айтуынша, оқиға орнына Риддер станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетті. Тиісті іс-шаралар нәтижесінде жылқының иесі табылды. Ол – Глубокое ауданының 33 жастағы тұрғыны. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама