×

БҚО-да жантүршігерлік көлік апаты болды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 05.12.2022 | 15:16
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында бір күнде жантүршігерлік көлік апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz

4 желтоқсанға қараған түні сағат 01.20 шамасында Тасқала-Атамекен тасжолында ВАЗ-21074 көлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай аударылған. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Осы күні таңғы сағат 07.30 шамасында Кирсаново-Уральск тасжолында Lada-2107-нің 24 жастағы жүргізушісі жол ережесін сақтамаған. Соның салдарынан ол ГАЗ-53 жүк көлігіне соғылған. Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал автомобильдегі 1998 жылғы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл фактілер негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі («Жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама