×

Грузин жауынгерлері ресейліктердің қоршауына түсіп қалды

Донбастағы Бахмут пен Соледарда қайнаған ұрыстар болып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 05.12.2022 | 12:14
фото: rbc.ru

Украина Қарулы күштері жағында соғысып жатқан грузин сарбаздары Бахмут түбінде ресейліктердің қоршауына түсіп қалды. Бұл туралы «Новости-Грузия» хабарлады.

Грузин жауынгерлерінің тобы Бахмут түбінде қоршауда қалып қойды. Бірнеше адам, оның ішінде командир де бар. Олар жарақаттанған. Біз міндетте түрде оларды алып шығамыз. Бахмутте жағдай айрықша қиын болып тұр. Командир жараланып қалды. Қалған жігіттер украин бауырлармен бірге қоршауда. Тірі қалғандарды алып шығып, қаза тапқандардың мәйіттерін алып кету жолында ұрыс қимылдары жүріп жатыр, - деп мәлімдеді ерікті Ромео Парулава «Мтавариге» берген сұхбатында.

Соңғы үш күнде Бахмут түбінде 6 грузиннің қазаға ұшырағаны белгілі. Олардың арасында Авто Руруа, Ромео Пичхая, Ромео Кварацхелия, Бадри Маркелия, Мераба Аладашвили және Джабы Хоперия бар.

Украина президенті Владимир Зеленский майдандағы ең ауыр шеп қазір тап осы Бахмут болып тұрғанын айтты.

Донбастағы Бахмут пен Соледар бәрінен ауыр болып тұр. Қазір оларда қайнаған ұрыстар жүріп жатыр. Біз өз жігіттерімізге көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ондағы әрбір жауынгер жоғары құрметке лайық, – деді Зеленьский.

Қазір Украина тарапында 1 500 грузин жауынгері соғысып жүр. Олар Украинада тұратын немесе мұнда соғыс басталғаннан кейін арнайы келген еріктілерден құралған.

Бірінші ерікті грузин 18 наурызда қаза тапты. 4 желтоқсан күнгі мәліметке сәйкес, осы кезге дейін Украина Қарулы күштері қатарында жүрген 33 грузин осында көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама