×

Желіде Ақтауда болған пәтердегі жойқын жарылыстың суреттері тарады

Жарылыстан зардап шеккен 1988 жылғы жігіт қазір жансақтау бөлімінде жатыр

 Еркеғали Болатұлы 05.12.2022 | 11:15
фото: дереккөз

Желіде Ақтауда пәтерде болған жарылыстың суреттері тарады, деп хабарлады lada.kz.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды басылым редакциясына куәгер жолдаған. Суреттерден пәтер мен үй кіреберісінің қанға боялғанын көруге болады.

Еске сала кетсек, өткен сенбі күні 27-шағын аудандағы №46 үйде жарылыс болған еді.

Тұрғындардың айтуынша, түскі уақытта пәтерлердің бірінен қатты дыбыс шыққан. Жарылыстың екпінінен терезе әйнектері сынған. Куәгерлер оқиға салдарынан осы пәтерде тұратын ер адам зардап шеккенін жеткізді. Ол бір қолынан айырылған.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жарылыс орнынан 1988 жылы туған ер адам жеткізілгенін хабарлады. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама