×

Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан 4 адам ұсталды

Ұсталғандардың төртеуі де деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары

 Халық үні 03.12.2022 | 19:50
Фото: ҚР ІІМ

Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды, деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Ақтөбе облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы арнайы бөлімшенің жауынгерлерімен бірлесіп бопсалаумен айналысқан топты ұстады. Олар қарашаның басында Ақтөбе тұрғынынан ВАЗ-21070 автокөлігін зорлық-зомбылық көрсетіп, иемденген.

«Ұсталғандардың төртеуі де деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары. Күдіктілердің бірі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Ақтөбе қаласы ПБ  УҰИ-ға қамауға алынды», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама