×

Алматыда 436 млн теңгені қолды еткен компания басшыларын тергеу аяқталды

Қылмысты ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаевқа халықаралық іздеу жарияланды

 Дәурен Ерболат 29.11.2022 | 15:20
Фото: Halyq Uni

Алматыда қомақты қаржыны жымқыру дерегі бойынша AlanParking және «Алматы спецтехпаркинг сервис» компанияларының басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Бұл ретте ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері 436 млн теңгені ұрлау фактісі бойынша AlanParking ЖШС-нің директоры М.О.Базарбаевқа және «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің директоры М.У. Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеп болған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Негізгі сотталушы және қылмысты ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаевқа халықаралық іздеу жарияланды, - деп жазылған хабарламада.

Басқарма мамандары қалалық прокуратурамен бірлесіп, Алматы әкімдігінің коммуналдық меншігіне «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-нің 70% үлесін және AlanParking компаниясының 100% үлесін қайтару бойынша шаралар қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама