×

Сенат сайлауы: ертең кандидаттарды ұсыну басталады

Сайлау 2023 жылы қаңтарда өтеді

 Дәурен Ерболат 28.11.2022 | 12:11
Фото: informburo.kz

Сенат сайлауына үміткерлерді тіркеу ертең, 29 қарашадан басталады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

ОСК мәліметінше, кандидаттарды ұсыну мен тіркеу 29 қарашада басталып, 14 желтоқсанда кешкі сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлауалды үгіт 24 желтоқсан мен 13 қаңтар аралығында жүргізіледі.

2023 жылғы 13 қаңтар – тыныштық күні, ал 14 қаңтар – дауыс беру күні.

Орталық сайлау комиссиясы 20 қаңтарға дейін сайлау қорытындысын шығарады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сенат сайлауы 14 қаңтарда өтетінін жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама