×

Ақмола облысында «Қазавиақұтқару» тікұшағы мәжбүрлі түрде қонды

Зардап шеккендер жоқ

 Халық үні 26.11.2021 | 16:29
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

26 қарашада Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел өтінімі бойынша Нұр-сұлтан – Екібастұз бағытына бет алған Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ тікұшағы Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өрнек елді мекеніне мәжбүрлі түрде қонды. Өрнек елді мекені Нұр-сұлтан қаласынан шамамен 100 шақырым жерде орналасқан.

Бортта 5 адамнан тұратын экипаж, 2 дәрігер болды. Мәжбүрлі қонудың алдын-ала себебі - оң қозғалтқыштың тербелісі, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Тікұшақ апатсыз жағдайда қонған, зардап шеккендер жоқ. Экипаж және дәрігерлер резервтік әуе кемесімен тасымалданды. Ми-8АМТ тікұшағы кепілдікте тұр. Өндіруші зауытпен бірлесіп тікұшаққа қатысты инспекция жасалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама