×

Қазақстандық олигарх медиа жобаларды қаржыландырудан бас тартпақ

Нақты шешім әлі қабылданбаған

 Дәурен Ерболат 26.11.2022 | 14:24
Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов

ERG компаниялар тобының акционері, кәсіпкер Александр Машкевич медиа жобаларды қаржыландырудан бас тарту мәселесін қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның видеосы Telergam-дағы Чиновник арнасында жарияланды.

(«Экспресс-К» басылымын жабу – автор) мәселесін қарастырып жатырмыз. Еңбек ұжымымен келіссөз жүргізудеміз. ERG компаниясы медиа ресустардан иелік етуден бас тартады. Себебі, әркім өз ісімен айналысуы керек деп ойлаймын. Тау-кен компаниясы тау-кен бизнесімен шұғылдануы керек. Медиа холдингтер – жеке бизнес. Оған жеке талдау, арнайы білім мен жеке адамдар қажет. Біздің ойымызша, басты назарды өзіміздің бизнеске – тау-кен металлургиясына аудару шарт, - деді олигарх.

Ол «Экспресс-К» басылымының нақты қашан жабылуы мүмкін екенін айтқан жоқ.

«Қазір біз ақылдасып жатырмыз. Біздің ойымызша, бүгінде Экпресс-К» басылымы жетекші немесе маңызды медиа ресурс болып саналмайды», - деді Александр Машкевич.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама