Президент Меккеде Алладан не сұрағанын айтты
Бүгінде халықтың бірлігін сақтау маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Меккеге барғанда Құдайдан не сұрағанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тәуелсіз елімізді қуатты мемлекет ретінде ұрпаққа аманаттау – біздің борышымыз. Алда талай сынақтар, күрделі кезеңдер болуы мүмкін. Дегенмен ырысты ынтымағымызды сақтай білсек, алынбайтын асу жоқ. Бүгін мен халқымның алдында тұрып, бастаған ісіміз берекелі болсын деп тілеймін. Қазақ – ырымшыл халық. Биыл мен қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде ата-баба рухына құран бағыштап, Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым. Ол – елдің амандығы, - деді президент елордада өткен инаугурацияда.
Сондай-ақ ол ауылды дамытуға тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған барлық капитал қайтарылатынын атап өтті.