×

Елден заңсыз шығарылған барлық актив қайтарылады – Тоқаев

Ол үшін арнайы заң жобасы әзірленеді

 Дәурен Ерболат 26.11.2022 | 11:42
Фото: Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған барлық актив қайтарылатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біз әділдікті қалпына келтіріп, елден заңсыз шығарылған барлық активті қайтаруға тиіспіз. Бұл үшін Үкімет заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті рәсімдерді реттейтін заң жобасын әзірлейді. Сонымен қатар заң жобасы әділетсіз баюға және активтерді заңсыз шығаруға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталады, - деді президент Астанада өткен ұлықтау рәсімінде.

Оның айтуынша, елге қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтарың игілігіне жұмсалуы тиіс.

«Бұл қаржыны жоғары технологиялы өндіріс орындарын ашуға, мектептер мен ауруханалар салуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға пайдалану керек. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қоямын. Жақын арада ауқатты кәсіпкерлер халықтың игілігі үшін өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін жандандырады деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін президент ауылды дамытуға тапсырма берген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама