×

Астанада қар тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшы шықты

Мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды

 Дастан Жұмабекұлы 25.11.2022 | 13:46
фото: ашық дереккөз

Астанада қыстың басталуымен коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуге шықты. Осы уақытта қаладан 200 мың текше метр қар шығарылды. Қар 15 мыңнан аса ауыр жүк көлігіне тиелді.

Бүгін таңертеңнен бері  қала көшелерін қар мен мұздан тазартумен 2,5 мыңға жуық жұмысшы айналысып жатыр. Қардан тазартуға мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды.

Қарашаның 24-нен 25-іне қараған түні қаладағы коммуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден аса қар жиналып, қаланың сыртына шығарылды. Арнайы техника 500-ге жуық рейс жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама