×

Путиннің баспасөз хатшысы Ресей телеарнасындағы Қазақстанға қатысты мәлімдемеге жауап берді

Дмитрий Песковтың айтуынша, әртүрлі адамдар бар, олардың көзқарасы да әртүрлі. Алайда олардың ресми билікке ешқандай қатысы жоқ

 Халық үні 23.11.2022 | 23:50
Фото: видеодан алынды

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы елдің мемлекеттік телеарнасында көрсетілген бір топ саясаттанушының Қазақстанға қатысты даулы мәлімдемесіне жауап берді.

Қазақстандық журналист Әділ Балтабаев Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан Ресейдің «Россия 1» мемлекеттік телеарнасындағы «Владимир Соловьевпен» саяси ток-шоуында айтылған Қазақстанға қатысты мәлімдеме Кремльдің ұстанымымен қаншалықты сәйкес келетінін сұрады. Журналист ресми жауапты өзінің Телеграм-арнасында жариялаған.

...Бұл саясаттанушылардың пікірі  үкіметтің, Кремльдің саяси ұстанымын білдірмейді. Оларды тыңдап, көрудің қажеті жоқ, - деді Песков.

Дмитрий Песковтың айтуынша, әртүрлі адамдар бар, олардың көзқарасы да әртүрлі. Алайда олардың ресми билікке ешқандай қатысы жоқ.

Айта кетейік, Ресейдің «Россия 1» телеарнасындағы «Владимир Соловьевпен» бағдарламасында сарапшылардың бірі «Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан» екенін айтқан. Бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко пікір білдірген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Көкшетауда жұрттың есепшотынан жәрдемақы мен зейнетақылар ұрланып жатыр

Алаяқтардың арнайы есепшоттың құпия дерегін қайдан алғаны белгісіз
03.12.2022 | 10:38

Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекі саудасына толық тыйым салмақ

Сарапшылар оған тосқауыл қоюдың басқа жолын табу қажет деп отыр
03.12.2022 | 09:50

Заманбек Нұрқаділовтің бұрын-сонды еш жерде жарияланбаған видеосы шықты

Бұл видео «Хабар» агенттігінің архивиінде сақталған
03.12.2022 | 07:34