×

«Қазақстан Украинадан кейінгі проблема ма?». СІМ ресейлік телеарнада айтылған пікірге жауап берді

Мұндай мәлімдеме қос ел арасында достыққа кедергі келтіре алмайды

 Дәурен Ерболат 23.11.2022 | 13:15
фото: gov.kz

Ресейдің «Россия 1» телеарнасындағы «Владимир Соловьевпен» бағдарламасында сарапшылардың бірі «Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан» екенін айтқан. Бұл мәселеге қатысты 
Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Мұндай мәлімделемелерге қатысты мемлекет басшысы, Сыртқы істер министрлігінің басшылығы, басқа да басшылар, оның ішінде Парламент палаталарының спикерлері де бірнеше рет пікір білдірді. Біріншіден, бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымын көрсетпейді деп санаймыз. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі тығыз қарым-қатынасқа нұқсан келтірмейді. Үшіншіден, бұл Ресей Федерациясы билігі тарапынан тиісті реакцияға лайық», - деді Роман Василенко Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Журналист министрдің орынбасарына «Ресей елшісін СІМ-ге шақырту жоспарда бар ма?» деп сұрақ қойды.

«Менде мұндай ақпарат жоқ. Мен өз ұстанымымды ғана айттым», - деді Роман Василенко.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама