×

Төрт елдің басшысы Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

ҚХР төрағасы құттықтау жеделхатын жолдады

 Халық үні 21.11.2022 | 13:36
фото: Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары келесі жылдың басында екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев та Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын және стратегиялық серіктестік деңгейіне толық сай келетінін атап өтті.

Қырғыз басшысы Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы құттықтағаны үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдіріп, Қырғызстанмен арадағы көпжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайта беретініне ниетті екенін жеткізді.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдады.

Сайлаудағы айқын жеңісіңіз Қазақстан халқының Сізге деген сенімін және Өзіңізді толық қолдайтынын білдіреді. Сіздің бірегей басшылығыңызбен еліңізді реформалауға бағытталған барлық бастамаңыз табысты болатынына және Жаңа Қазақстанды құру ісі ілгерілейтініне сенімдімін. Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беремін және дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толған уақытта сіздермен бірге мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама