8,2 млн қазақстандық дауыс берді – ОСК
Қазақстан бойынша сайлаушылардың 69%-ы өз таңдауын жасады
Кезектен тыс президент сайлауында 8,2 млн-нан аса қазақстандық дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 20.00-дегі мәлімет бойынша республиканың 8 282 607 азаматы бюллетень алды. Ол – тізімге енгізілген азаматтардың 69,31%-ы, - деді ОСК хатшысы.
Оның ішінде:
- Абай облысы – 80,18%,
- Ақмола облысы бойынша – 78,87%,
- Ақтөбе облысы – 72,20%,
- Алматы облысы – 72,10%,
- Атырау облысы – 70,87%,
- Батыс Қазақстан облысы – 67,77%,
- Жамбыл облысы – 79,57%,
- Жетісу облысы – 81,43%,
- Қарағанды облысы – 78,39%,
- Қостанай облысы – 79,28%,
- Қызылорда облысы – 80,31%,
- Маңғыстау облысы – 66,18%,
- Павлодар облысы – 77,58%,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 78,24%,
- Түркістан облысы – 80,37%,
- Ұлытау облысы – 75,48%,
- Шығыс Қазақстан облысы – 79,49%,
- Астана қаласы – 48,67%,
- Алматы қаласы – 28,72%,
- Шымкент қаласы – 59,79%.
Шетелде 7,4 мың қазақстандық дауыс берді.
Айта кетейік, бұған дейін қай өңірлерде сайлаушылардың белсенділігі төмен екені белгілі болған еді.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтардың жартысынан көбі дауыс бергенін хабарлаған.
Еске салайық, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстанда 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады. Сайлауға 6 кандидат қатысып жатыр.