×

Апалы-сіңлілі Бақбергеновалар АҚШ-та жеңімпаз атанды

Биыл олар осымен екінші рет құрмет тұғырына көтерілді

 Дастан Жұмабекұлы 20.11.2022 | 14:29
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дәстүрлі Билл Фаррелл мемориалы аяқталды. Бұл белдесулерге еліміздің еркін және әйелдер күресінің құрама командасы қатысты.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында апалы-сіңлілі Мәдина (68 кг) мен Жәмила Бақбергеновалар (72 кг) өз салмағында топ жарса, Марина Седнева күміс медальді (57 кг), Алтын Шағаева (55 кг) қола жүлдені жеңіп алды.

Айта кетсек, бұл – Мәдина мен Жәмила екеуі бірге алтын медаль алған екінші жарыс. Бұған дейін олар көктемде Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама