×

Елімізде құрсақтағы сәбидің омыртқасына ота жасалады – нейрохирург

Оны жасамаса, бала сал болып қалады

 Дәурен Ерболат 18.11.2022 | 17:15
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда құрсақтағы баланың омыртқасын емдейтін ота жасалуы мүмкін. Бұл туралы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы, нейрохирург Серік Ақшолақов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Жақында бізге Флоридадан танымал нейрохирург (Samer Elbabaa) келді. Онымен АҚШ-та танысқанмын. Ол профессор жатырдағы сәбиге, яғни омыртқасы дұрыс бітпегендерге (Spina Bifida ауруы) нейрохирургиялық ота жасайды. Мұндай ота жасайтын әлемде 3-4 мемлекет бар. Нейрохирург (Samer Elbabaa) бұл бағытта біраз отаны сәтті өткізді», - деді Серік Ақшолақов «Сұхбат» бағдарламасында.

Нейрохирург бұл күрделі ота Қазақстанда да өткізілуі мүмкін екенін атап өтті.

Осы сапар аясында онымен тиісті келіссөз жүргізіп, аталған отаны елімізде жасау жоспарын келістік. Бұл дертті уақытында емдемесе, бала туғанда сал ауруына шалдығады. Мұндай отадан кейін баланың сал болмауына жағдай жасалады, - деді дәрігер.

Айта кетейік, биыл әлемге танымал нейрохирург 70 жасқа толған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама