×

Әлемге танымал нейрохирург ғалым Серік Ақшолақов 70 жасқа толды

Ұлттық ғылыми нейрохирургия орталығында бүгінге дейін 15 мыңнан астам бірегей операция жасалған

 Халық үні 03.07.2022 | 15:27
Серік Ақшолақов, фото: Halyq Uni

Бүгін Қазақстанның Еңбек ері, әлемге танымал нейрохирург ғалым Серік Ақшолақов 70 жасқа толды. 70 жасқа толған ғалымды мерейтойымен «Аltyn Qyran» қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов құттықтады.

Серік Ақшолақовтың есімі қазақ нейрохирургиясының дамуы мен абырой-беделімен тығыз байланысты. Тәуелсіздіктің алғаш жылдарында бұл саланың жағдайы мәз емес еді. Мәселен, сол кезде нейрохирургия бойынша бірден-бір ғылыми диссертация қорғалмады. Серік Қуандықұлы осы мәселені қолға алып, нәтижесінде әуелі клиникалық ординатура, одан соң диссертациялық кеңес ашылып, ал 2008 жылы елордада Ұлттық ғылыми нейрохирургия орталығы шаңырақ көтерді. Бүгінге дейін осы медицина ордасында 15 мыңнан астам бірегей операция жасалып, Орталық Азияда бұрын-соңды болмаған 70-ке жуық нейрохирургиялық технология қолданысқа енгізілді. Мысалы, нейрохирургия саласында алтын стандарт болып саналатын «Гамма-пышақ» кешені Орталық Азия бойынша осы орталықта ғана бар, ал оның жалпы саны әлемде төрт жүзге ғана жуық.

«Серік Қуандықұлының бірегей таланты мен адал еңбегі, шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қазақ нейрохирургиясы әлемде мойындалып, озық дамыған елдер деңгейінде нейрохирургиялық көмек көрсете алады. Бұл егеменді елдің айтулы жетістігі деп мақтанышпен айта аламыз. Қазақ нейрохирургиясының дамуы мен жетістіктері Нұр-Сұлтанда өткен үш күндік нейрохирургиялық форум мен кинофестиваль барысында жан-жақты айтылды. Әлемнің 15 елінен келген 200-ден астам делегаттың басын қосқан шараның мәні мен маңызы өз алдына бөлек әңгіме», деп жазды Исламбек Салжанов.

Бүгін форумның жабылу салатанатында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Серік Ақшолақовтың ұстазы, Ресей академигі Александр Коноваловқа ҚР Президентінің атынан «Достық» орденін табыстады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама