×

Аршалы ауданында мектеп қазандығы жарылды (ВИДЕО)

Зардап шеккен 3 адам ауруханаға жатқызылды

 Дәурен Ерболат 18.11.2022 | 15:52
Фото: ТЖМ, видео: Telegram/elitar.kz

Аршалы ауданында мектеп маңындағы қазандық жарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқыс оқиға бүгін сағат 12:18-де аудандағы Писарева, 18 көшесінде болған.

Жұмабек Тәшенов атындағы мектеп маңында жеке тұрған қазандық жарылды. Салдарынан ғимарат қирады, алайда өрт болған жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Ауруханаға 3 адам жатқызылды: 1983 жылы туған шаруашылық меңгерушісі, 1990 жылы туған электрик және 1967 жылы туған пеш жағушы.

ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл ақпаратты растап, оқиға орнында жедел штаб құрылғанын, жарылыстың салдарын жою және жылу беру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Құтқарушылар үйіндінің астынан қызметкердің бірін алып шыққан.

«Арнайы жабдықтар мен құралдардың көмегімен жәбірленушінің сол аяғын қысып тұрған бетон плитаны көтердік. Кейін автокранның көмегімен плитаны толық көтеріп, қызметкерді үйіндінің астынан алып шықтық. Оны жедел жәрдем көлігіне бердік», - деді ресми өкіл.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама