×

Сыртқы істер министрлігі Кәрім Мәсімовке қатысты мәлімдеме жасады

Бұған дейін Кәрім Мәсімов пен оның отбасы мүшелерінде Венгрия азаматтығы бары туралы ақпарат тарады

 Халық үні 17.11.2022 | 20:53
Кәрім Мәсімов, фото @ Болат Шайхинов

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бұрынғы ҰҚК басшысына қатысты мәліметке түсініктеме берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұған дейін Кәрім Мәсімов пен оның отбасы мүшелерінде Венгрия азаматтығы болғаны туралы ақпарат тарады.

«Бізге Венгрия тарапынан ешқандай ресми ақпарат келмеді. Бізде екі азаматтық алуға болмайтынын еске саламын. Егер ол Венгрия азаматтығын алса, онда Қазақстан азаматтығынан автоматты түрде айырылушы еді»,- деді Роман Василенко.

Сондай-ақ ол қазақ қыздарына қатысты мәлімдеме жасап, басы дауға қалған ресейлік блогер Алекс Леслиге қатысты да айтты.

«Заң бойынша егер шетел азаматына Қазақстанға кіру тыйым салынса, онда ол шекарадан кері қайтарылады. Мысалы ол Алматы әуежайына келіп қонса, оны қалаға өткізбейді. Мұндай талапты тек Сыртқы істер министрлігі қоя алады»,- деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, қазіргі кезде министрлікте ресейлік Алекс Леслиге қатысты ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы Полиция департаменті Ресей Федерациясының азаматы А.Кирилловтың Қазақстанға кіруіне бір жылға тыйым салынғанын мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама