×

Өзбекстан 10 айда шетелге 1 млрд долларға жеміс-жидек пен көкөніс сатты

1,4 млн тонна экспортқа шықты

 Дастан Жұмабекұлы 17.11.2022 | 16:40
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның 10 айда қанша жеміс-көкөніс экспорттағаны туралы ақпарат белгілі болды.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Өзбекстан 903,3 млн АҚШ долларына 1,4 млн тонна жеміс-көкөніс экспорттады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 192 мың тоннаға артқан.

2022 жылдың 10 айында экспортталған өнімдер арасында жемістер мен көкөністер көш бастап тұр. Олардың көлемі –  733 мың тонна. Одан кейінгі орындарға сәйкесінше 297 мың тонна және 185 400 тонна көлемінде жеміс-жидек пен пияз экспортталған.

Экспортталған басқа өнімдер арасында көрсеткіш мынадай:

  • Жүзім – 181 мың тонна;
  • Қырыққабат – 135,2 мың тонна;
  • Қарбыз-қауын – 134,3 мың тонна;
  • Қызанақ – 65,8 мың тонна;
  • Мейіз – 64,4 мың тонна;
  • Кептірілген жеміс-жидек – 35,7 мың тонна;
  • Жержаңғақ – 15,6 мың тонна.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама