×

Қарағанды облысында 14 вагон рельстен шығып кетті (ВИДЕО)

Жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылған

 Еркеғали Болатұлы 17.11.2022 | 14:35
фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысындағы «Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр» учаскесінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті.

Сол себепті, аталған темір жол бөлігінде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Алдын-ала жасалған болжам бойынша, оқыс оқиға жекеменшікке тиесілі вагондардың ақауы салдарынан болған. Қазір арнайы комиссия құрылды.

Оқиға орнында Қарағанды, Жаңаарақа станцияларының 3 қалыпқа келтіру пойызы жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама