×

СҚО-да жол апатынан қар тазалап жүрген екі адам қаза тапты

Үш адам түрлі жарақат алды

 Самат Жақып 02.03.2022 | 11:52
скриншот: видео

Солтүстік Қазақстан облысында жол апаты кезінде қар тазалап жүрген екі адам қаза тапты. Тағы үш адам әртүрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

28 ақпанда Есіл ауданына қарасты Мальцева ауылы маңында тіркемесі бар екі ауыр жүк көлігі соқтығысып қалған. Салдарынан Явленка ауылының 48 және 68 жастағы екі тұрғыны сол жерде көз жұмған.

Жұмысшылардың бәрі - «Петропавл жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері. Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі, яғни «жүргізушілердің көлік құралын басқару қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Арнайы сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама