×

Олимпиаданың ресми рәміздері жарияланды

Фригия (Фракия) қалпақшалары жарыстың символына айналды

 Дастан Жұмабекұлы 15.11.2022 | 14:43
фото: ашық дереккөз

2024 жылы Францияның астанасы Париж қаласында өтетін жазғы Олимпия ойындарының ресми рәміздері таңдалды.

Олар Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің штаб-пәтерінде жарыстар басталардан 620 күн бұрын таныстырылды.

Францияның символы саналатын Фригия (Фракия) қалпақшалары түріндегі ойыншықтар спорттық шараның символына айналды. 

Паралимпиадашы Фриги Олимпиададағы серіктесінен бір ғана протездік аяғымен ерекшеленеді.

Олимпия ойындары келесі жылы 26 шілде мен 11 тамызы аралығында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама