×

«Қазақстанда менен нашар ақын жоқ» – Мұхтар Шаханов

Ақын шығармалары 200-ге жуық елде жарияланғанын айтты

 Халық үні 15.11.2022 | 02:02
фото: egemen.kz

Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өзінің ақындығына баға берді. Өзінің айтуынша, ол Қазақстандағы ең нашар ақын, деп хабарлайды exk.kz

Бұл туралы Мұхтар Шаханов Facebook әлеуметтік желісінде айтты. Онда ақын қаладағы дәмханалардың бірінде шәй ішіп отыр. Сол сәтте оның қасына Самат Мұхтар есімді блогер жақындап, ақынға құрмет көрсетеді. Оның Шахановқа деп әкелген арнайы сыйлығы да бар екен.

Сізге сыйлыққа алдық, ата. Ішінде сағаты бар. Сіз қазіргі заманның аңыз адамысыз. Сізбен бір дастарханда отырғаныма сене алар емеспін. Бәрі мүмкін екен, ата. Біздің мемлекетке сіздің еңбегіңіз сіңді. Сіздей тұлға бір ғасырда бір келеді, - дейді Самат Мұхтар.

Ал өзіне құрмет көрсетіп, сыйлап жатқан жастарға Мұхтар Шаханов алғысын айтып, өзі туралы бірер сөз қозғайды.

Қазақстанның ең нашар ақыны мен ғой. Менен нашар ақын жоқ Қазақстанда. Менің шығармаларым өте аз ғана мемлекетте жарияланған. Мен бар болғаны 200-ақ мемлекеттің тілінде жарияланыппын, - деді Мұхтар Шаханов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама