×

«Кешірмеймін!»: «Қарттар үйіндегі» Шаханов қаһарына мінді (ВИДЕО)

Белгілі ақын өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды қажет болса сотқа беретінін айтты

 Халық үні 14.11.2022 | 22:17

Белгілі ақын, қоғам қайраткері, «Жалын» журналының бас редакторы Мұхтар Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлімдеді. Видео YouTube-та жарияланды. 

Мен өз үйімде отырмын. Мына жерде менің кітаптарым, түрлі адамдармен түскен суреттерім бәрі тұр. Мен туралы өсек таратқандарды кешірмеймін. Оларды керек болса, сотқа беремін. Себебі, менің әйелім Ханшайым бар кезде мен дегенде ішкенасын жерге қояды. Сол әйелімнің арқасында Құдайға шүкір, осылай аман-сау келе жатырмын. Сондықтан маған былапыт сөздер айтып, менің абыройымды төккен адамдарды керек десе, халықаралық сотқа беремін, - дейді белгілі ақын. 

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ақынды балалары қарттар үйіне өткізіпті деген хабар тараған болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама