×

Жәнібек Әлімханұлы Дензел Бентлиді неге нокаутқа түсірмегенін айтты

Бұл айқасқа дейін қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берген болатын

 Еркеғали Болатұлы 13.11.2022 | 16:45
фото: ашық дереккөз

Бүгін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) 12 раундтық жекпе-жек өткізген еді.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы бұл айқасқа дейін қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берген болатын. Vesti.kz сайты бүгін оның жекпе-жектен кейін сол мәлімдемесіне байланысты жауап бергенін жазды.

Бұл – бокс. Мұндай айқастарға боксшылар 100 пайыз дайындалып шығады. Бұл – менің бірінші 12 раундым. Алда жақсылап дайындалып, бұдан да жақсы өнер көрсетеміз, - деді Жәнібек рингте тұрып.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама