×

Санжар Ташкенбай Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Әлемдік дода Иорданияның Амман қаласында өтіп жатыр

 Динара Амантай 12.11.2022 | 17:17
Фото: sports.kz

Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының ақтық сайысына шыққан 19 жасар Санжар Ташкенбай алғашқы алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан боксшысы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жапондық Аратаке Кадзумамен жұдырықтасты. Төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Санжар Ташкенбай жеңіске жетті. Осылайша ол Азия чемпионы атанды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін ерлер арасында 9 қазақстандық алтын жүлдеге таласатыны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама