×

Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары анықталды

12 былғары қолғап шебері Азия чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығады

 Халық үні 11.11.2022 | 07:23
фото: egemen.kz

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалы аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасының 12 боксшысы финалға шығып отыр. Олардың 9-ы – ер, 3-еуі – әйел. 48 кг салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекованың қарсыласы жапониялық Като Хикару жарақатына байланысты финалға шықпайды. Сол себепті, Балқыбековаға Азия чемпионы атағы берілді. Осылайша ол екі дүркін құрлық чемпионы атанды.

Әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 қарашада өтсе, ерлердікі 12 қарашаға жоспарланған.

ӘЙЕЛДЕР:

54 келі: Жайна Шекербекова — Джутамас Джитпонг (Тайланд),

57 келі: Карина Ибрагимова — Ирие Сена (Жапония),

81 келі: Гүлсая Ержан — Савити (Үндістан).

ЕРЛЕР:

48 келі: Санжар Ташкенбай — Аратаке Кадзума (Жапония),

51 келі: Сәкен Бибосынов — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан),

54 келі: Махмұд Сабырхан — Карло Паалам (Филиппин),

57 келі: Серік Теміржанов — Абдумалик Халоков (Өзбекстан),

67 келі: Дулат Бекбауов — Бунджонг Синсири (Тайланд),

71 келі: Асланбек Шымбергенов — Зеяд Ишайш (Иордания),

75 келі: Нұрқанат Райыс — Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан),

92 келі: Айбек Оралбай — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан),

+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев — Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама