×

Астанада 14-қабаттан екі жұмысшы құлап, біреуі мерт болды

Екінші адам ауруханаға жатқызылды

 Динара Амантай 11.11.2022 | 17:10
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Астанада екі жұмысшы тұрғын үй кешенінің 14-қабатынан құлап кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 11 қараша күні Астана полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Мән-жайларды анықтау барысында тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды. Алған жарақатынан құлағандардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама