×

Полицейлер 10 тонна есірткіні тәркіледі

Тіркелген қылмыс саны – 1275

 Дәурен Ерболат 11.11.2022 | 15:45
Фото: ІІМ Көліктегі полиция департаменті

Биыл «Қарасора-2022» операциясы кезінде шамамен 10 тонна есірткі тәркіленді. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 2022 жылғы 1 маусым мен 30 қазан аралағында «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылған.

«Операция кезеңінде Қазақстан бойынша 1275 қылмыс тіркелді. Оның ішінде есірткі сатудың 667 қылмысы, 178 заңсыз сақтау және есірткі өсірудің 245 дерегі анықталды», –  деді ол ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бақытжан Әмірханов полицейлер 9,7 тонна есірткіні (2,3 тонна марихуана, 200 келіге жуық гашиш, 113 келі синтетикалық есірткі, 7 тоннаға жуық қарасора) тәркіленгенін атап өтті.

«Биыл тамыз және қыркүйекте ІІМ және Ұлттық қауіпсіздің комитеті қызметкерлері Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағында тікұшақтармен әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ұшақтың көмегімен марихуана сақтаудың 2 дерегі, есірткі дақылдарын егудің 19 дерегі (жалпы салмағы 5,5 тонна қарасора жойылды) анықталды», –  деді басқармасы басшысы.

Ол Жамбыл облысындағы жабайы қарасора алқабы 148 мың гектардан асатынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама