×

Қызылордада жасөспірім 2 қыз екі күннен бері табылмай жатыр

Олар үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған

 Халық үні 10.11.2022 | 19:54
фото: inform.kz

Қызылорда қаласында 14 және 16 жастағы екі жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі. 

Қызылордада 8 қарашада 14 жастағы Жансұлу Асанова мен 16 жастағы Арнұр Тыныштыбай үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады.

«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуға болады», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама