×

Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй өртенді

Тілсіз жау 30 шаршы метрге жетті

 Дастан Жұмабекұлы 10.11.2022 | 17:11
фото: видеодан кадр

Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді.

Өрт 10 қараша күні түс ауа Масанчи көшесі мен Абай даңғылы қиылысына жақын жерде болған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрттің сөндірілгенін хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, өрт жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінде. Ақпарат нақтыланып жатыр. Сағат 15.13-те өрт ауыздықталды. Өрт 30 шаршы метрге жетті, –  деді ведомствоның өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама