×

Мәжілістің жаңа депутаты Дмитрий Легкий ант берді

Дмитрий Легкий – Қазақстан халық партиясының мүшесі

 Дәурен Ерболат 09.11.2022 | 10:32
Дмитрий Легкий, фото: Halyq Uni

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан сайланған депутат Дмитрий Легкий ант берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ата заңға сәйкес жаңа депутаттың ант беру керектігін атап өтті.

«Қатарымызға жаңа депутат қосылып отыр. Қазақстан Халық партиясы сайлау нәтижесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты Дмитрий Легкий тіркелді. Конституциямызға сәйкес Парламенттің жаңа сайланған депутаты Қазақстан халқына ант береді. Осыған орай ант беру үшін Мәжіліс депутаты Дмитрий Легкий шақырылады», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Еске сала кетсек, 26 қазанда Қазақстан халық партиясы атынан сайланған Айбек Паяевтың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ал оның Мәжілістегі орнын Дмитрий Легкий басты.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін, - деді Дмитрий Легкий.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама