×

Алматы облысында 13-тегі қыздың асқазанынан 1,5 келі шаш шықты

Асқазанға фиброгастродуоденоскопия жасау кезінде диагноз толығымен расталған

 Динара Амантай 08.11.2022 | 14:55
Фото: gov.kz

Алматы облысы Карасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының дәрігерлері 13 жастағы қыздан «асқазанның трихобезоары» диагнозын анықтап, асқазанынан салмағы 1,5 келі шашты алып тастады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ауруханаға асқазан ауруына шағымданған науқасты тексеру барысында дәрігерлер қозғалмалы массаны анықтаған. Асқазанға фиброгастродуоденоскопия жасау кезінде диагноз толығымен расталған.

Трихобезоар ауруы асқазанға шаш, жүн түскен кезде пайда болады. Көбіне шашты, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнау және жұту сияқты зиянды әдеті немесе патологиялық бейімділігі бар балаларда кездеседі. Соның салдарынан ол асқазандағы тамақпен араласып, «шаш ісігі» пайда болады.

Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының тәжірибелі хирургтары Мәулен Малғаждаров және Максим Стадников науқасқа дер кезінде ота жасап, оның асқазанынан салмағы 1,5 келі болатын, өлшемі 20×30 см трихобезоарды алып тастады. Шашты алып тастағаннан кейін науқастың психоэмоционалды жағдайы жақсарып, ауырсыну синдромы басылды. Қазір жас науқас хирургиялық бөлімде емделіп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысында 4 жастағы баланың асқазанынан да 1,5 келі шаш шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама