×

Президент сайлауы: дебат ұйымдастыруға 63 млн теңге бөлінеді

Қаржы студияны жасақтауға, қосымша жұмысшыларды жалдауға жұмсалады

 Дәурен Ерболат 08.11.2022 | 13:38
Фото: Tengrinews.kz

Кезектен тыс президент сайлауы аясында өткізілетін дебатқа 63 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

«Хабар» телеарнасының өтінімі бойынша 63 млн теңге ұсынылды, - деді Щегорцова ОСК отырысында.

Телеарна өкілі бұл ақшаның қайда жұмсалатынын түсіндірді.

«Бұл қаржы студияны жасақтауға, тікелей эфирді ұйымдастыруға, қосымша қызметкерлерді жалдауға жұмсалады. Бұл бағдарламаны ұйымдастыру «Хабар» телеарнасының жоспарына кірмеген. Шығын ОСК шығысының сметасында көрсетілген. Заңға сәйкес, ОСК-да дебат өткізе алады», - деді «Хабар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов.

Айта кетейік, дебат 11 қарашада «Хабар» телеранасының тікелей эфирінен көрсетіледі. Оған президенттікке үміткерлер қатысады:

  • Қарақат Әбден;
  • Нұрлан Әуесбай;
  • Жигули Дайрабай;
  • Мейрам Қажыкен;
  • президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына қоғамдық штабтың басшысы, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады;
  • Салтанат Тұрсынбекова.

Еске салайық, кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 20,5 млрд теңге бөлінген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама